Тақырып
6. Тауарлы өндірісті
үйымдастыру.
Нарықтық
шаруашылықтың
жалпы
сипаттамасы
1.Тауар-ақша
қатынастарының
эволюциясы және
рыноктың қалыптасуы.
2.Рыноктың
мәні мен қызметтері.
3.Рыноктың
түрлері және
олардың
классификациясы.
Нарық,
айырбас, айналыс-бұл
категориялар
өзара тығыз
байланысты және
тұрмыста
оларды
бір-бірімен
шатастырады.
Дегенмен,
олардың өздеріне
тән
белгілері,
ерекшеліктері
бар және олар
тауар қатынастарының
тарихи
дамуының әртүрлі
сатылары
болып
табылады. Қоғамдық
еңбек бөлінісінің
қалыптасуы, қызметтер
мен еңбек өнімдерін
айырбастау қажеттігін
туғызады.
Бұл мағынада
айырбас
дегеніміз бүкіл
экономикалық
дәуірлерге тән
экономикалық
категория
болып
табылады.
Тауар
айналысы деп
ақша арқылы жүзеге
асатын тауар
айырбасын (Т-А-Т)
айтады. Түсінікті
болғандай,
тауар
айналысы ақша
айналысымен
байланысты және
ол дамыған ақша
жүйесінің
болуын талап
етеді.
Алайда, көптеген
жүздеген
жылдар бойы
тауар
айналысы
кездейсоқ,
сирек құбылыс
ретінде
болды. Тек
нарық жүйесі қалыптасқан
соң ғана, ол
жалпылама
сипатқа ие
болды.
Нарық қоғамдық
еңбек бөлінісі
мен
шаруашылықты
жүргізу
субъектілерінің
өзара оқшаулауына
негізделген
тауар өндірісінің
табиғи-тарихи
даму
процесінің нәтижиесі
болып
табылады.
Нарық деп алғашқыда
адамдар
тауарлар мен қызмет
көрсетулерді
өзара
айырбастайтын
жерлерді атаған,
бұлар әдетте қала
ортасындағы
алаңдар
болды.
Тауар өндірісінің
дамуына қарай
нарық дамып және
ол туралы түсініктер
күрделене түсті.
Осыған орай,
экономикалық
әдебиеттерде
нарыққа сан-қилы
анықтамалар
беріледі.
Бір бөлігі
нарықты үстірт
қараудың
негізінде жоғарыдағы
алғашқы
адамдар түсінігінен
көп ұзай
алмай ұйымдастырылмаған
у-шуы көп кәдімгі
базармен теңейді.
Енді бір бөлігі,
нарықты
«керемет күш»
деп,
экономикалық
өмірде болып
жатқан олқылықтар
мен қайшылықты
тез арада
жоятын «күш»
дейді.
Бұл екі қарама-қайшы
анықтамалардың
өмір сүруі
нарықтық қатынастың
методологиялық
негізіне
терең үңілмей,
оны жаңа құбылыс
ретінде қарауларында.
Сатып
алу-сату тұрғысынан
қарастырғанда
нарық деп сұраныс
пен ұсыныстың,
өндірушілер
мен тұтынушылардың
өзара әрекеттесу
сферасын
айтады.
Экономиканы
ұйымдастыру
тұрғысынан қарастырғанда
нарық деп
шаруащылықты
жүргізу
субъектілері
арасындағы
байланыстардың
қоғамдық
формасын
айтады.
Сонымен, нарық дегеніміз-ұдайы
өндірістің
барлық
сатыларында өндіру,
бөлу, айырбас
пен тұтыну
сфераларында
сатып
алу-сату арқылы
жүзеге
асырылатын ұйымдық-экономикалық
қатынастар
жиынтығы
болып
табылады.
Еліміздің
соңғы кезеңде
басқарудың
экономикалық
әдісіне көшуі
нарықтық
айырбасқа кең
жол ашты.
Кейбір
экономикалық
әдебиеттерде,
ел арасында,
осы әдісті
«батыстық
модельдерді»
қайталау
емес пе деген
ойға сайып жүр.
Бұл әрине дұрыс
ой емес.
Социализм тұсында
1965 жылы басталған
(бірақ аяғына
жете алмаған)
экономикалық
реформа,
социялистік
елдердегі
нарықтық қатынастың
ұлғаюы
шаруашылық
механимін қайта
құру
барысындағы
заңды көрініс.
Әрбір өндіріс
әдісіндегі
нарық
меншікке
байланысты өндірістік
қатынастарының
барлық жүйесінде
әрекет
жасайды.
Біздің
елімізде де
нарық өндірістің
тиімділігі
мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс
дәрежесін жақсарту
бағытында қызмет
істей
бастады.
Нарықтың мәнін
талдауда тағы
бір айтатын жәй,
ол теориялық
дискуссиядағы
нарық пен
жоспарды
біріне-бірін қарсы
қою. Негізіне
келсек, ұдайы
өндіріс-жоспарлы
ұйымдасқан
процесс, онда
нарықтың
икемділігін,
экономикалық
тиімділігін
арттыруға
пайдалану маңызды
мәселе. Осыған
байланысты,
нарық ұдайы өндірістің
үйлесімді
дауының
негізгі бағыты
болады. Сондықтан,
экономиканы
нарықтық
реттеу ұйымдасқан
жоспарлы
шаруашылық
механизмнің құрамды
бөлігін құрап,
онымен тығыз
байланыста
болады.
Нарықтың атқаратын
маңызды қызметтері:
-Біріншіден,нарық
арқылы қоғамдық
өндірісті
реттеу жүзеге
асырылады, яғни
не өндіру қажет,
қалай өндіру қажет,
кімдер өндіру
қажет проблемалары
өз
шешімдерін
табады;
-Екіншіден,нарық
арқылы өндірушілер
мен тұтынушылар
арсында
байланыстар
орнайды. Нарыққа
қатысушы әр
адам бір
мезгілде, әрі
сатып алушы, әрі
сатушы
болады. Ол өз өміріне
қажет нәрселерді
сатып алады
немесе нарықта
өзі өндірген
тауарларды
немесе мүлігін
немесе жұмыс
күшін сатады;
-Үшіншіден,нарық
арқылы
өнімдерді өндіруге
жұмсалған шығындарды
есепке алу
жүзеге
асырылады.
Нарық нені өндіру
қажет
екендігін
белгілеумен
шектелмейді, сонымен
бірге өнімнің
белгілі бір түрлерін
өндіру үшін қоғам
қандай шығындар
жұмсауы тиіс
екендігі анықталады.
Егер де шығындар
көп болса,
ондай өнімдерді
сатып алу мүмкін
болмайды және
оны одан әрі өндіру
тоқтатылады.
Демек, нарықта
шығындарды өтейтін
бағалар
бойынша өнімдер
сатылады;
-Төртіншіден,нарықтың
маңызды қызметі
бағаны
белгілеу
болып
табылады. Баға
сұраныс пен ұсыныстың
әсерімен құбылып
отырады. Егер
де нарықта
белгілі
тауарлардың
мөлшері оған
деген сұраныстан
басым болса,
онда баға
арзандайды,
демек сол
тауарды ұсыну
мен өндіру
кемиді.
Керісінше, бағаның
көтерілуі өндірісті
ынталандырады,
оның өсе
беруі сұраныс
пен ұсыныстың
арасындағы
тепе-теңдік
орнағанша
жалғасады және
соның
салдарынан
тепе-теңдік
баға
белгіленеді;
-Бесіншіден,нарық өндірушілерді
өзара
жіктейді. Бәсеке
кезінде тек өнімдерді
өндіруге
нарық бағасынан
төмен шығындар
жұмсаған
фирмалар ғана
өмір сүре
алады. Бұл жағдайда
фирма
пайданы
иемденеді.
Егер шығындарды
нарық бағасынан
жоғары болса,
онда зиян
шегіп, шығындарға
ұшырайды. Яғни,
өндірушілердің
жіктелуі
дегеніміз
тиімді фирмалардың
нығая түсуі және
тиімсіз
фирмалардың
күйреуі
болып
табылады.
Нарық
экономикасы
тәжірибиеде өзінің
жоғары
тиімділігін
дәлелдейді.
Оның негізгі
тиімді жақтары:
Нарық осы
аталған
негізгі
тиімділіктерін
іске асыру
барысында
шаруашылық
механизмінің
басқа да
процестеріне
тиімді ықпал
жасайды.
Нарық жоғарыдағы
аталған күш-қуатына
қарамастан
маңызды қоғамдық
қажеттіліктерді
қанағаттандыра
алмайды. Оның
себебі нарық қатынастарына
қатысушылардың
дербестігі мүмкіндік
бермейді. Ол үшін
арнаулы институттардың
қатысуын қамтамасыз
ету қажет.
Демек нарық қатынасын
реттеуге
мемлекеттің
белгілі бір
шеңберде өзінің
қаржы-қаражат
т.б.
институттары
арқылы қатысуы
қажет.
Сонымен,
нарықтың әлсіздігі:
1.
Еңбек пен
табысқа
кепілдік
бермейді
нарық жүйесі
теңсіздікті
одан әрі күшейте
түседі;
2.
Әлеуметтік
қажеттілікті
қорғау үшін
пайдаланылатын
тауарлар мен қызмет
көрсетулерді
өндіруді
ынталандырмайды;
3.
Нарық
экономикасы
халық
шаруашылығы
салалары
арасындағы қарым-қатынастарды,
макроэкономикалық
пропорцияларды
реттей
алмайды,
керісінше
диспроппорциялар
тудырады.
4.
Нарық
экономикасы ғылыми-техникалық
жаңалықтарды
қолдануға
ерекше ұмтылғанымен
осы
жетістіктерді
пайдалануда
сараңдық
жасайды.
Себебі ҒТП тәуекелдікпен
жұмсалатын көп
қаржы-капитал.
Нарық
экономикасының
бұл кемшілігін
ғылыми-техникалық
прогресс
саласындағы
капиталды қолдайтын
мемлекеттік
бюджеттен
арнаулы қаржы
бөлу арқылы бәсеңдетуге
болады.
5.
Капиталдың
айналымын
тездетуді көздейтін
нарық
экономикасы
күрделі құрылыс
жоспарына қаржы
жұмсауға
ынталы емес,
себебі бұл
салада қаржы
айналымы ұзақ
мерзімге
созылатындықтан,
бұл қызметті қоғам
атқаруы
керек.
6.
Нарық
экономикасы өте
күрделі әлеуметтік
проблемаларды
тудырады. Оған
жататын-жұмыссыздық,
табыстардың
күрделі
жіктелуі,
инфляция.
Нарық
экономикасының
осы тәрізді қолайсыз
жақтарын
азайту
мемлекеттің
ерекше
назарында
болуға тиіс.
Жоғарыдағы
аталып отырған
мәселелердің
бәрі бір
орталықтан
басқаруды қажет
етеді. Сондықтан
бұл мәселелерді
мемлекет өз құзырына
алуы қажет.
Нарық
экономикасының
қолайсыз бір
жағы-тапшылықтың
болуы.
Нарық
экрномикасына
тән тапшылық
түрлері:
Осы тапшылықтардың
әрқайсысы
ерекше шара қолдану
арқылы
азайтылады.
Қорыта айтқанда,
мемлекеттің
нарық жағдайындағы
басты
міндеті-нарықты
экономиканың
бүкіл тұлғаларының
өзара қатынастарын
реттейтін қоғамдық
институттарды,
яғни
ережелердің
жиынтығын құруы
болып
табылады.
Ережесіз, Заңдары
мен қоғамдық
институттары
жоқ нарықты қатынастар,
белгілі бір
жағдайларда
мафиозды қатынастарға
айналуы мүмкін.
Дамыған
Батыс елдері
нарықтың өркениетті
ережелері
мен Заңдарын
жасауға 500
жылдай уақыт
жұмсады.
Өткен тақырыпта
нарықтың
объектілерін
анықтап,
талдау
бергенбіз.
Енді нарықтың
субъектілеріне
тоқталайық.
Нарықтың
субъектілері
немесе онда әрекет
ететін тұлғалар-үй
шаруашылығы,
фирма және
мемлекет
болып табылады.
Үй
шаруашылығы
(жанұя) деп құрамында
бір немесе
бірнеше
адамдар
болатын
экономикалық
буынды
айтады, ол:
·
адам
капиталын өндіру
мен ұдайы өндіруді
қамтамасыз
етеді;
·
дербес
шешімдер қабылдайды;
·
қандай да
бір өндіріс
факторының
иесі және оны
арендаға тапсырады
немесе өз мүлкін,
капиталын, жұмыс
күшін сатады;
·
өз қажеттіктерін
мейлінше мол қанағаттандыруға
ұмтылады.
Фирма деп
экономикалық
буынды
айтады, ол:
Мемлекет қоғамдық
мақсаттардың
орындалуына қажет
нарық пен
шаруашылық тұлғаларын
бақылап
отыруды қамтамасыз
ету үшін құқықтық
және саяси
биліктерді қолданатын
өкіметтің
мекемелерінен
құралады.
Үй
шаруашылығы,
фирма мен
мемлекет-нарық
объектілеріне
иелік ету,
пайдалану,
сату мен
сатып алуға
байланысты өзара
экономикалық
байланыстарда
болады. Нарықты
шаруашылықтың
объектілеріне
жататындар:
тауарлар мен қызмет
көрсетулер өндіріс
факторлары, ақша,
бағалы қағаздар,
субсидиялар, әлеуметтік
төлемдер және
т.б.
Нарықтың өзіне
тән құрылымы
болады. Нарықтың
құрылымы деп
оның өзара құрамдас
жекеленген
элементтерінің
болуын
айтады.
Нарықтың құрылымын
түрлі
критерийлер
бойынша
жіктейді,
олардың
ішіндегі ең
маңыздыларына
тоқталайық.
1.
Нарықты
экономикалық
қызметіне
байланысты-тауарлар
мен қызмет көрсетулер
нарығы, өндіріс
құрал-жабдықтарының
нарығы, еңбек,
инвестициялар,
бағалы қағаздар,
қаржы нарығы
деп бөледі.
2.
Географиялық
жағдайына қарай-жергілікті,
аймақтық, ұлттық
нарығы деп бөледі.
3.
Бәсекенің
шектелу дәрежесіне
байланысты-монополиялық,
олигополиялық,
еркін, аралас
нарық деп бөледі.
4.
Сапа
бойынша-автомобиль,астық,
металл және
т.б. нарыққа бөледі
5.
Сатып өткізуге
байланысты-көтерме
және бөлшек
сауда нарығы
деп бөледі.
6.
Заң
нормаларына
сәйкестігі
бойынша-ресми
нарық және «Қара
базар».
Нарықтық
механизм
дегеніміз-нарықтың
негізгі
элементтері:баға,
бәсеке, ұсыныс
пен сұраныстың
өзара әрекетте
болу
механизмі. Әрбір
экономикалық
жүйеге тән:
Не өндіру? Қалай
өндіру? Кім үшін
өндіру? Сұрақтарын
нарықтық
экономикада
нарық жоғарыдағы
төрт
элементтің
арақатынасыиен
шешеді.
Еліміздің ұлт
ерекшелігіне
байланысты
жалпы ет өніміне
сұраныс бар.
Осының өзінде
сұраныс бірқалыпты
болмайды.
Себебі ет өнімдерін
жаз
айларында
пайдалану төмен
болады, ал
салқын
айларда
пайдалану жоғарылайды.
Осының
салдарынан
бағада, сұранымда
және ұсыным
да бірқалыпты
жағдай
болмайды. Жаз
айларында
еттің бағасы
төмендейді,
себебі сұраным
төмен, одан
барып, оны өндіру
де азаяды. Ал
күз, қыс
айларында
керісінше баға
жоғарылайды,
себебі сұраным
бар, ол көп өндіруді
талап етіп, ұсынымды
өсіреді.
Осылай сұраным
мен ұсынымның
ауытқуы бағаның
құннан жоғары-төмен
ауытқуына
тірейді. Осы
тербелулер
арқылы сұраныс
пен ұсыныстың
тепе-теңдігіне
әсер ететін,
ал түбінде өндіріс
пен тұтынудың
тепе-теңдігін
қамтамасыз
ететін деңгей
қалыптасады.
Бұл бағаның,
сұраныстың және
ұсыныстың
араларындағы
қозғалыстар
бәсеке арқылы
жүріп жатады.
Әрбір кәсіпкердің
мақсаты
пайданы
барынша ұлғайту,
сондықтан да,
шаруашылық қызметінің
көлемінің ұлғайтуға
мүдделі. Ал бұның
өзі өндірістің
аса қолайлы
жағдайлары үшін
кәсіпкерлердің
өзара күресіне
әкеліп соғады
да, олар
бір-біріне
деген қатынасы
қарсыластар
немесе бәсекелестерн
ретінде көрінеді.
Егер қандай
да бір
тауардың ұсынысы
сұранысынан
көп болса,
онда
сатушылардың
арасындағы бәсекелік
күрес күшейеді.
Олардың әрқайсысы
өз тауарын
сату үшін бағасын
төмендетуге
жиі барады,
ал ол өз
кезегінде
осы тауарды өндіруді
азайтады.
Егер сұраныс ұсыныстан
көп болса,
онда
бір-бірімен бәсекеге
сатып
алушылар түседі.
Тапшы
тауарды алу мүмкіндігіне
ие болу үшін, әрбір
сатып алушы өз
қарсыласына қарағанда
жоғары баға ұсынуға
тырысады. Баға
өседі, ол осы
тауарға ұсынысты
ұлғайтады. Бәсеке-нарық
механизмінің қажетті
элементті,
бірақ бәсекенің
сипаты әр түрлі
болуы мүмкін,
ол нарықтық
тепе-теңдікте
жету әдісіне
елеулі әсер
етеді. Нарықтық
механизм
еркін немесе
жетілген бәсеке
жағдайында, яғни
нарықтағы жағдай
көптеген
сатушылар
мен сатып
алушылардың
сатылатын өнімдердің
беріктілігі,
фирмалардың
нарыққа
еркін
кіруімен
сипатталғанда
барынша
тиімді әрекет
етеді.
Жетілген бәсеке
кезінде
сатушылар
мен сатып
алушылардың
ешқайсысы да
нарықтық бағаға
әсер ете
алмайды
Қазіргі
кезеңде қоғамда
нарық жүйесі қалыптасты.
Нарық
джегеніміз сұраныс,
ұсыныс және
баға арқылы өзара
қарым-қатынас.
Экономикалық
теория
осылардың
арасындағы
байланыстарды
білдіретін түрлі
жобалар
жасап, оларға
жеке
факторлардың
ықпалын
зерттейді.
Сондықтан,
нарықты ұйымдастырудың
нақтылы түрлерін
зерттеу қажет.
Қазіргі
кезеңдегі
нарық дамыған
инфрақұрылымға,
яғни көмекші
салалар мен ұйымдардың
болуымен
тікелей
байланысты өмір
сүреді.
Нарық инфрақұрылымы
деп нарықты қатынастардың
жемісті қызмет
етуін қамтамасыз
ететін
мемлекеттік
мекемелер мен
коммерциялық
фирмалардың
жиынтығын
айтады.
Үш түрлі нарықтың
инфрақұрылымының
элементтері
бар,
олар:тауар, қаржы
нарығы және
еңбек
нарығы.
Тауар нарығының
инфрақұрылымына
жататындар-тауар
биржалары, көтерме
және бөлшек
сауда кәсіпорындары
т.б.
Қаржы нарығының
инфрақұрылымына
кіретіндер:
қор және валюта
биржалары,
банктер, сақтандыру
компаниялары
мен қорлары.
Еңбек нарығының
инфрақұрылымына
кіретіндер-еңбек
биржалары, жұмысқа
қамту мен
кадрларды қайта
даярлау қызмет
орындары, жұмыс
күшін реттеу
және т.б.
айналысатын
мекемелер
Жарнама
деп сұраныс ұлғайту
мақсатымен
тауарлар мен қызмет
көрсетулер
туралы ақпаратты
таратуды
айтады. Ол
тауар өндірісінің
пайда
болуының
бастапқы
кезеңінде қалыптасты.
Ақпарат
деп нарықтың
жағдайын
талдап және
бағдарлау үшін
пайдалынатын
мәліметтерді
айтады.
Кез-келген
фирма сұраныс
пен ұсыныс
туралы, пайда
нормасы жөнінде,
қай жерде
арзан сатып
алуға және қандай
жерде қымбат
сатуға
болатыны
туралы мәліметтерді
қажет етеді. Қолдағы
мәліметтер
негізінде
фирма өз іс-әрекетінің
стратегиясын
жасайды.
Консалтинг
деп ақылы жағдайда
мамандандырылған
фирмалардың
басқаруды жүзеге
асыруға
байланысты
кеңестер
беруін
айтады. Қызметтер-тауарлар,
қызмет көрсетулер,
ноу-хау және
т.б. нарықтарын
зерттеу мен
бағдарлау жөнінде
көрсетіледі.
Сондай-ақ құқықтық
қызметтер де
көрсетіледі.
Фирмалар
консалтингті
кеңінен
пайдаланылады,
себебі мұндай
кеңестер алу өздеріне
арнайы
мамандарды қызметке
қабылданғаннан
анағұрлым
арзанға түседі.
Аудиторлық
компаниялар
деп бизнес
сферасындағы
мүмкіншіліктерін
анықтау мақсатында
фирманың қаржы-шаруашылық
қызметін
кешенді
тексеруді жүзеге
асыратын ұйымдарды
айтады.
Нарық инфрақұрылымының
тиімділігі көбінесе
экономикалық
коньюнктураға
байланысты, яғни
нарықтың
белгілі
мерзімдегі
уақытша жағдайы.
Крньюнктура
туралы төменгі
көрсеткіштер
мәлімдейді:
Биржа нақты
ұйымдастыру,
бақылау мен
теттеу түрі
ретінде XVI ғасырдан
баршаға мәлім.
Биржа деп
стандартталған
тауарлардың
көтерме
сауда нарығын
немесе
валюталарды,
бағалы қағаздарды
және жұмыс күшін
сатып
алу-сату жөніндегі
операциялар
нарығын
айтады.
Сатылған
заттарға
байланысты
биржалар-тауар,
қор, еңбек
биржаларына
бөлінеді.
Тауар
биржасы-бұл
материалдар
мен заттай
объектілердің,
яғни
шикізаттар, құралдар,
астық, металл
және т.б. ұйымдасқан
нарығы.
Мұндай
биржалар
мамандандырылған
биржалар деп
аталады. Әртүрлі
тауарлар түсетін
биржалар әмбебап
биржалар деп
аталады.
Биржа
табысы сатылған
тауарлардың,
валюталардың,
бағалы қағаздардың
құнынан
алынатын
процент
есебінен, құрылтай
жарналары
мен
брокерлік
орындарды
сатудан түсетін
кірістерден құралады.
Биржа практикасында
бірнеше мәмілелердің
типтері
жасалады.
Биржадағы қызмет
ететін
негізгі тұлғалар-брокер,
маклер,
дилер, «өгіз»
және «аю»
болып
табылады.
1.
Брокер деп өз
клиенттерін
мүдделерін қорғап
және олардың
тапсырыстарын
орындайтын,
сатушылар
мен сатып
алушылар
арасындағы
делдалды
айтады.
Брокер өз
клиенттерінің
тапсырысы
бойынша мәміленің
барлық түрлерін,
яғни
форвардтық,
фьючерстік,
опцион және
хеджерлеуді
жүзеге
асырады.
Жекелеген
адамдар,
брокерлік кеңселер
және дербес
брокерлік
фирмалар
делдалдық
іспен
айналысуы мүмкін.
2.
Маклер деп
биржа мүшелері
арасындағы мәмілелерді
тіркеп және
осы қызметі үшін
сыйлық ақы
куртажды
иемденетін,
биржалық
саудаға қатысушыны
айтады.
Маклер көп жағдайда
өздері мәмілелерді
жасауға
делдалдық
жасайтын
биржада қызмет
етеді.
3.
Диллер деп өз
қаражаттары
есебінен және
тауарлар мен
бағалы қағаздарды
өздері
сатумен
айналысатын
жеке және заңды
тұлғаларды
айтады. Дилер
тауарларды
сатып алу мен
сату бағаларындағы
айырма
есебінекн
пайда алады.
Сұрақтар:
1.Нарық және
оның пайда
болу
шарттары.
2.Шекті
пайдалылық
теориясы мен
игіліктің
субьективті
бағалылығы.
3.Нарық қызметтері
4.Нарық құрылымы
Әдебиеттер:
1.
Нарықтық
экономиканың
негіздері: Оқу
құралы / Б.Жүнісов,
Ұ.Мамбетов,
У.Байжомартов. –
Алматы: Респ.
баспа каб., 1994.
2.Экономикалық
теория
негіздері: Оқулық
/ Я.Ә. Әубәкіров
және т.б.
Алматы «Санат»
1998 ж.
3.Борисов Е.Ф.,
Волков Ф.М.
Основы экономической
теории:
Учебное
пособие для
сред.спец.учеб.завед.
– М.: Высш.шк., 1994.